Павлодарда жоғалып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

Ол екі күн бұрын кешкі уақытта кафеден шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іздестіру жұмыстарын «Vita» еріктілер жасағы атқаруда.
– 10 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында 2003 жылы туған Александр Олехнович М. Жүсіп көшесі, 386 мекенжайынан шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Александрдың бұрын-соңды хабарсыз кетпегені айтылады. Өткен жылы әскерден оралып, жұмысқа орналасқан, бірақ жоғалған күні жұмысына шықпаған. Оның телефоны жоғалған сәттен бастап өшірулі, – делінген хабарламада.
Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көздері сұр-көк түсті, шашы ақшыл-сары. «Хамелеон» көзілдірігін киеді. Екі қолында және кеудесінде татуировкалары бар.
Киімі: ақшыл-сұр джинсы, кеудесінде жасыл жазуы бар ақ жейде, табаны ақ түсті қара кроссовки.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына еріктілер, полиция қызметкерлері мен туыстары жұмылдырылған. Қозғалыс бағытын анықтау үшін бейнебақылау камералары тексерілуде.
Егер сіз Александрдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне шұғыл хабарлауыңызды сұраймыз:
- 8 747 615 55 63 (Катерина)
- 8 777 334 82 01 (Светлана)
Сондай-ақ, 102 нөміріне хабарласуға болады.