Павлодарлық автожолда скутер жүк көлігімен соқтығысты

Жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті «Кенжекөл – Павлодар» автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізуде. 10 қыркүйек күні скутер мінген мотокөлік жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын асырып , ЗИЛ маркалы көлікпен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.