Павлодарда саябақта көлік жүргізген жүргізушілер жазаланды

Павлодарда саябақта көлік жүргізген жүргізушілер жазаланды
ЖИ иллюстрациясы

Оқиға металлургтер саябағында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі барысында Instagram парақшаларының бірінен Павлодар қаласындағы металлургтер саябағы аумағында орын алған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Видеожазбада Kia K5 маркалы автокөлік жүргізушісінің жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалғаны көрінеді. Сонымен қатар, дәл осындай заң бұзушылықты Газель автокөлігінің жүргізушісі де жасаған.

– Құқық бұзушылар анықталды. Жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен және тротуарлармен қозғалғаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін 370 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.