Павлодарда қызыл түске өтіп кеткен жүргізуші айыппұл арқалады
Ол Павлодар қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Lada Granta жүргізушісіне айыппұл салынды.
– Тәртіп сақшылары осы бейнежазба бойынша тексеріс жүргізді. Құқық бұзушы ұсталды, – дейді департаментте.
Аталған дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 599-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.