Павлодарда көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодарда көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 103 желісі бойынша жол-көлік оқиғасы жайлы хабарлама сағат 14:35-те түскен. Н. Назарбаев даңғылы көшесімен «БМВ-525» автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні «Вторые дачи» аялдамасында қағып кетті. Медициналық топ жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілді. Бес минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында болды.

  • 2009 жылғы бала бассүйек-мидың жабық жарақатын алған, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді;
  • 1999 жылғы жас жігіт жамбас жарақатымен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оларға амбулаториялық көмек көрсетілуде.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Автокөлік айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.