Ақсуда кішкентай қыз шұңқырда қайнаған суға құлады

Ол травматологияға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, 6 қыркүйекте шамамен сағат 17:30-да 2019 жылы туған бала зардап шекті. Ол Әуезов көшесінде, «Чайка» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан, ыстық су құбырының жарылуынан пайда болған шұңқырға түсіп кеткен.
Қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, кезекші травматолог пен реаниматолог оны тексеріп шықты.
Ол денесінің және аяқтарының 1-3- дәрежелі күйік алды, жалпы күйік ауданы 17 пайызды құрады. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, травматология бөліміне жатқызылды.