Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Тәжікстан аумағында жер сілкінді
Фото: ekonomigundemi.com.tr

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 28 ақпан күні 6:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 685 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4.8. Эпиорталық координаттары – 37.56° с.е. 73.63° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Айта кетсек, Тәжікстанда кеше де Алматы уақытымен сағат 9:01-де жер сілкінісі тіркелген болатын.