Дауыстар естиді: Павлодарда жоғалған адам жолдың бойында табылды
Ер адамға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің айтуынша, Игорь Завалинның өмірі бір сәтте өзгерген. Бұған дейін ол үш ай бұрын ел қатарлы өмір сүрген.
– Біраз уақыт бұрын ағасын өлтіріп кеткен. Бәлкім, сол жағдай оған қатты әсер еткен болуы мүмкін. Ол әлі күнге дейін күйзелісте жүр. Адамдармен араласуды қойған, дауыстар ести бастаған, телефонына түскен қоңырауларды алуға қорқады, – дейді еріктілер.
Сондай-ақ үйден кетуді әдетке айналдырған. Бірде күні бойы жоқ болып кетіп, қайтып оралғанда ағасының зиратына барғанын айтқан. Бұл жолы ата-анасы өздігінен таба алмаған соң дабыл қағып, еріктілер бірден хабарсыз кеткен адамды іздеуге шыққан.
– Бірнеше сағат өткеннен кейін еріктілердің бірі тас жолдың бойында кетіп бара жатқан адамды көрді. Ол тек атын ғана айтты. Басқа сұрақтарға «Есімде жоқ. Білмеймін» деп жауап берді. Оның жағдайы көңіл көншітпейтін еді, сондықтан медициналық көмек керек болды, – деді ұйымда.
Еріктілер мұндай адамдарды көргенде бей-жай өтіп кетпеуге шақырады. Себебі, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Бағдарынан жаңылған адамдарды көрген жағдайда +7 (747) 615 55 63 (Катерина) Whatsapp нөміріне хабарласуды және оларды суретке түсіріп жіберуді сұрайды.