Павлодарда қоқыс шығару кестесі өзгертілді

Бұл туралы 109 қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Спецмашин» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлік алаңдардан шығару кестесіне өзгеріс енгізілетінін хабарлады.
Өзгерістер демалыс күндеріне әсер етті. Осылайша, жексенбіден бастап жұмыс күні сенбіге ауыстырылады. Тиісінше, жексенбі – демалыс күні болып есептеледі.
Сондай-ақ кәсіпорын 17 қаңтарда жаңа жұмыс кестесіне көшкен.