Павлодарда 8 мамыр күні екі балабақша сусыз қалады

Кері клапанды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су болмайды:
- Естай көшесі, 91, 91/1 (№112 балабақша), 95, 97 (№9 балабақша), 99, 101, 101/2;
- Малайсары батыр көшесі, 7/1;
- Қамзин көшесі, 20, 20/2, 22, 24, 30, 58/3;
- Бекмаханов көшесі, 150, 152, 154, 154/1;
- Павлов көшесі, 45, 48 (ХҚКО), 48/1 (көші-қон полициясы бөлімі), 49, 51, 55.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындарға су қорын жинақтауды ұсынады.