Павлодарда алты автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді
Екі көшенің қиылысында жол жабылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ АЖ және ЖК-ның мәліметінше, 11 қарашада сағат 15:30-дан бастап сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты М. Жүсіп көшесі бойынша Гагарин-Амангелді көшелерінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты №№ 003, 1э, 10, 11, 31, 57 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді.
№ 1э автобус бағыты Ак.Сәтбаев-Ткачев-Майра және маршрут бойынша қатынайды (Ломов, М. Жүсіп, Құдайбердиев, Кенжетаев көшелеріне кірмей). Сол сияқты кері бағытта.
№ 10 және 11 автобус маршруттары солтүстіктен оңтүстікке қарай Ак.Сәтбаев-Ломов-Н. Назарбаев даңғылы-Амангелді жүреді.
№ 31 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Ак.Сәтбаев-Бекхожин-Майра және маршрут бойынша барады (Ломов, М. Жүсіп, Құдайбердиев, Кенжетаев көшелеріне кірмей).
№ 57 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай М. Жүсіп-Амангелді- Н.Назарбаев даңғылы және маршрут бойынша учаскені айналып өтеді.
№ 003 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай М. Жүсіп-Амангелді- Н.Назарбаев даңғылы-Ломов көшесі бойынша қатынайды.