Павлодарда құтқарушылар қарт әйелдің пәтеріне терезе арқылы кірді

Павлодарда құтқарушылар қарт әйелдің пәтеріне терезе арқылы кірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғыны еденде жатқан күйінде табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 қыркүйекте 112 пультіне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде тұратын қарт әйелге көмек қажет екені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар полиция қызметкерлері мен көршілердің қатысуымен жылжымалы баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтерілді.

– Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен терезені ашып, пәтерге кірді. Іштен еденде жатқан, есі анық қарт әйел табылды, – деп хабарлады ведомствода.

Құтқарушылар әйелге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны оқиға орнына келген 103 жедел жәрдем бригадасына тапсырды.