Успен ауданында жалған нөмірмен көлік басқарған Қырғызстан азаматы сотталды

Ол бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар көлік құралын басқару) әкімшілік істі қарады.
Сот анықтағандай, 1 маусым күні Қырғызстан азаматы Г. Қазақстан аумағында VIN-кодына сәйкес келмейтін жалған нөмірлі «HONDA» көлігін басқарған.
32 жастағы ер адам кінәсін толық мойындап, құқық бұзушылық әкімшілік хаттама, түсіндірме хат және басқа да материалдармен дәлелденді.
Сот қаулысымен ол 3 тәулікке қамалып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.