Екібастұзда отыз жыл жөндеу көрмеген мектеп балабақшаға беріледі

Екібастұзда отыз жыл жөндеу көрмеген мектеп балабақшаға беріледі

Ауыл тұрғындары үшін жаңадан мектепті салу жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Екібастұз қаласының жанында 500-ден астам тұрғыны бар Атығай ауылы орналасқан. Ол жерде 33 жыл бұрын салынған екі қабатты ғимаратта 124 бала оқитын орта мектеп бар. Ғимарат тұрғызылған сәттен бастап оған мүлдем жөндеу жүргізілмеген: терезелері, есіктері, едендері - барлығы әбден тозған. Мектептің жағдайымен облыс әкімі Асайын Байханов танысып, өз көзімен көріп келді. 

–Балалардың жайлы ортада білім алулары үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек, әрі бұл біздің басты міндетіміз деп санаймын, – деп бөлісті облыс әкімі өзінің инстаграм парақшасында. –Бейімделген ғимаратты балабақша ретінде реконструкциялау мәселесімен айналысу қажет. 

Аймақ басшысы облыстық білім басқармасының басшысына бір ауысымда 100 бала оқитын жаңа мектеп салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау рәсімін бастауды тапсырды.

Айта кетейік, Атығай ауылы халқының саны жылдан жылға өсуде, бұл ауылдық елді мекендерде сирек кездесетін жағдай. Ауыл «Восточный» разрезіне жақын орналасқан, бұл ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.