Павлодарда Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік кезеңі өтеді

Павлодарда Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік кезеңі өтеді
Фото ашық дереккөзден

Мұнда 5-9 жас аралығындағы қатысушылар үшін 11 фестивальдық және 10-25 жас аралығындағы қатысушылар 17  аталым бойынша өтеді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

XIV Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік кезеңі 13-14 маусым күндері өтеді.

- Өңірлік іріктеу турлары дарынды жастарды анықтау және қолдау, өңір орындаушыларының кәсіби өсуіне жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Дельфий ойындарына қатысу үшін өңірлік құрамаларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі, - делінген хабарламада.

Байқау жас ерекшеліктері бойынша екі бөлек өтеді. Яғни 5-9 жас аралығындағы қатысушылар 11 фестивальдік аталым бойынша бақ сынайды. Ал 10-25 жас аралығындағы қатысушылар 17 конкурстық аталымда өзара сынға түседі. Бағдарламада фортепиано, скрипка, академиялық ән айту, халық аспаптары, халық әні, халық биі, заманауи би, эстрадалық ән айту, театр өнері, киім дизайны, көркемсөз оқу, фотосурет, қысқаметражды кино - бейнероликтер, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, ым-ишара тілінде ән айту, хореографиялық өнер.

Аймақтық кезең туралы барлық ақпаратты және ойындардың ережесін Ұлттық Дельфий комитетінің ресми парақшаларынан алуға болды: @delphikz_ (instagram) және Delphi KZ (Meta).