6 маусым күні Павлодар облысында қатты ыстық болады

6 маусым күні Павлодар облысында қатты ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 34-39 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар қаласында аздаған бұлт шығады, алайда жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соққан жел 9-14 м/с дейін жетеді. 

Түнде ауа температурасы 18-20, күндіз 36-38 градусқа дейін  барады.