Павлодарлық геолог мафия туралы кітап жазды

Павлодарлық геолог мафия туралы кітап жазды
Фото: Ника Горинаның жеке архивінен

Әдеби шығарма қылмыстық роман жанрында жазылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кітап «Простить невозможно забыть» деп аталады және бұл Ника Горина лақап атымен қалам тербейтін павлодарлық жас қаламгердің алғашқы туындысы. Авторы мамандығы бойынша геолог.

- Бұл қылмыстық роман, өте бай, ауқатты отбасында өскен Катя есімді қыздың өмірін баяндайды. 16 жасында ол бұзақы жас жігітке ғашық болады. Нәтижесінде ол мафияның қолына түсіп, сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Мафия оны ұрланған тауарлар үшін қарызын өтеуге мәжбүр етеді. Өз отбасы оны бірден тастап кетеді, ол кенеттен өз проблемасымен жалғыз қалады. Қыз өзін зорлаған адаммен бірге тұруға мәжбүр болады, - дейді автор.

Бұл Ника Горинаның алғашқы жарияланған әдеби шығармасы болғанына қарамастан, павлодарлық келіншектің жазушы ретіндегі алғашқы тәжірибесі емес. Оған дейін ол бірқатар әңгімелер жазған.

– Білімім бойынша геологпын, пайдалы қазбаларды іздеумен айналысамын. Елдің түкпір-түкпіріне іссапарға барамын. Ауысымнан келген соң басқа жұмысқа – әңгіме жазуға кірісемін. Бұл кітап «ЛитРес» сайтында жарияланған, күні кеше кітап  жарыққа шықты. Мен алғашқы көшірмелерге тапсырыс бердім. Әзірге барлығын өз қаражатыма шығарып жатырмын. Барлық қызметтерді өз қалтамнан төлеймін, – дейді Ника Горина.

Автор Павлодарда дүниеге келгенімен, балалық шағы Қарағанды ​​облысының Теміртау қаласында өткен. Оның айтуынша, ызғарлы Қарағанды қаласының тіршілігі оның шығармашылық дебюті үшін тақырып таңдауына ешқандай әсер еткен жоқ.

– Әкем қылмыс туралы кітаптарды көп оқыған. Үйімізде ондай кітаптар көп болмағандықтан, достарынан алып оқитын. Мен онымен бірге оқитынмын. Маған кейіпкерлер мен сюжеттер ұнады, сондықтан осы жанрда жаза бастадым, - деп мойындады сұхбаттасушы.

Жазушы-геолог өзінің шығармашылық жолын жұмысын, дәлірек айтсақ, инженерлік-геологиялық барлау жұмыстарын үзбей жалғастыруды жоспарлап отыр.