Павлодарда өртте бір автокөлік зақымданды

Павлодарда өртте бір автокөлік зақымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 12-41-де Ак.Сәтбаев көшесінде орналасқан бір қабатты бокстың үш бөлімінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.   

– Оқиға орнына келгенде гаражда екі автокөліктің, төбе жабындысының ағаш құрылыстары жанып жатқандығы анықталды. Температураның әсерінен бір автокөлік зақымданған, – дейді департаментте. 

Өрт сөндірушілер үш оттегі, бір газ, бір ацетилен баллонын алып шықты, өрттің ауданы 75 шаршы метрді құрады. Сағат 13.23-те оқшауланып, 13.38-де жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.