Павлодардағы дүкенде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда заңсыз үстемеақы қосылған
Заң бұзушылыққа сатып алушылар шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Департамент Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен және қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп, «№ 1 Гастроном» дүкенінің сауда субъектілерімен сауда саласындағы заңнама, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және салық кодексін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, сауда субъектілеріне жадынамалар табыс етілді және олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жауаптылығы түсіндірілді.