Павлодардың қай жерлерінде жарық болмайды?

Павлодардың қай жерлерінде жарық болмайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірқатар тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар электр қуатынсыз қалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамыр күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясы өшіріледі:

  • Кривенко көшесі, 81, 83, 85, 87, 87/1 – №115 бөбекжай-бақша;
  • Е. Бекмаханұлы көшесі, 39;
  • Естай көшесі, 134, 134/1 – «Лакра» лак-бояу материалдарының дүкені, 134/2, 136, 136/1 – «Смак» тұшпара цехы, 140, 142, 142/1 – «Сладко» дүкені;
  • Фурманов көшесі, 76, 79;

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қорғалатын аумақта ағаштарды кесуге байланысты:

  • «Қасқырбаев», «Генаев И.Ш.», «Петросан», «Хасенов» жеке кәсіпкерліктері;
  • «Строй-модуль ПВ», «Абай», «ГазСбытСервис», «Павлодар Реактив», «Павлодарский смак», «Павлодарбакалея», «ТПФ Акоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері; 
  • «Маяк», «Жұлдыз» шаруа қожалықтары;
  • «Kcell» ұялы байланыс операторының кеңсесі;
  • «Helios» мұнай базасы;
  • «Нұр-Ақсу» пәтер иелерінің кооперативі;
  • «Рыбный мир», «Наталия» дүкендері;
  • «Двин» мейрамханасы;
  • Жаңаауыл ауылы.