Павлодардың солтүстігі электр энергиясыз қалды
Электр энергиясының ажыратылу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПавлодарЭнерго» АҚ мәліметінше, сағат 14:03-те қалалық электр желілері кәсіпорнының диспетчерлік қызметіне «Солтүстік қалалық» қосалқы станциясы 1 секциясының апаттық ажыратылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты қаламыздың солтүстік бөлігінде электр энергиясын беру шектелді.
– «ПЭТК» АҚ Шығыс кәсіпорнының жөндеу бригадасы электр энергиясын беруді қалпына келтіру және оның ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізуде, – деді кәсіпорында.
Сағат 17:28-де тұтынушылардың көпшілігінде электр энергиясымен жабдықтау қалпына келтірілді. Н. Назарбаев даңғылы – Торайғыров – Лермонтов – Сұрағанов көшелері ауданындағы тұтынушыларға әлі де электр энергиясы берілмеді. Мамандар электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.