Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды

Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Павлодар – Кенжекөл автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін бұзбауды, сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыруды ескертеді.