«Мен әлемді бейнелеймін»: Павлодар балабақшасында көркемсуреттен байқау өтті
340-тан астам тәрбиеленуші аталмыш тақырыпта суреттерін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар көркемсурет мектебінде балалар суреттерінің «Мен әлемді бейнелеймін» облыстық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Іс-шараның мақсаты – адамгершілік, көркемдік тәрбие, төрт аяқты достарымызға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету.
Қаланың 68 балабақшасының 340-тан астам тәрбиеленушісі «Мен және менің итім» тақырыбында суреттер ұсынды. Байқаудың қазылар алқасы құрамында белгілі суретшілер Ерсін Тақырбасов, Ольга Ловина, Светлана Кравченко жұмыс атқарды.
Байқау қорытындысы бойынша 3, 4, 5, 6 жас аралығындағы қатысушылар арасында 18 үздік жұмыс анықталды.
Сондай-ақ, барлық жеңімпаздар Павлодар қаласының білім бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.