Павлодар облысында шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізіледі

Павлодар облысында шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кандитаттар тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мәслихаттың № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына және № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындалды. 

Қазбек Әметов жұмыс орнын ауыстырғанына байланысты №10 бірмандатты аумақтық округ бойынша шығып кетті. Қалалық мәслихат депутатының орнына үш кандидат тіркелді. Біреуі –  «AMANAT» партиясынан, екеуі өзін-өзі ұсынды. 

Облыстық мәслихаттың № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына да үш кандидат тіркелді. Олардың арасында Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко бар. Ол «AMANAT» партиясынан ұсынылып жатыр. Қалған екі кандидат өзін-өзі ұсынуда.

Сайлау 8 желтоқсан күні өтеді.