Павлодарда төрт автобустың қозғалыс бағыты уақытша ауысты

Павлодарда төрт автобустың қозғалыс бағыты уақытша ауысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір жол жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 5 шілдеден бастап 7 шілде сағат 20:00-ге дейін Арғынбаев көшесінен Павлодар - Астана трассасына дейін Ермаков көшесі бойынша қозғалыс жабылды. Осыған байланысты № 2, 14, 31, 38.автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 2, 14, 31 және 38 автобус маршруттарының қозғалысы Ледовский және Ермаков көшелеріне кірмей, тікелей Баян батыр көшесімен өтеді.