Павлодарлықтарды режиссураның қыр-сырын танып білуге шақырады

Павлодарлықтарды режиссураның қыр-сырын танып білуге шақырады
Фото: pixabay.com

Мамандар тәжірибемен бөлісіп, пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурыз күні сағат 16:00-де «Creative Lab» жобасының аясында режиссура бойынша диалогтық кездесу өтеді.

– Сіздерді режиссура тақырыбы бойынша диалогтық кездесуге шақырамыз. Бұл тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және кино өнерінін саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту үшін бірегей мүмкіндік, – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесуде қалалық киностудия мамандары @igala_pvl тәлімгерлік етеді.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.