Аққулы ауданында дезинсекциялау жұмыстарының бірінші кезеңі басталды (ВИДЕО)

Аққулы ауданында дезинсекциялау жұмыстарының бірінші кезеңі басталды (ВИДЕО)

Аудан Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Сары масаның дернәсілдеріне қарсы жайылмаларды өңдеу аяқталып қалса, шіркейлердің дернәсілдерімен күрес енді басталды. Осы жұмыстарды бақылауға алу үшін бүгін Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Аққулы ауданына бардым. Мұнда мамандар өзеннің негізгі ағысында дезинсекциялау жұмыстарының бірінші кезеңін бастап кетті, - деп жазды аймақ басшысы.

Облыс арқылы өтетін Ертіс өзенінің бойында өңірдегі ғылыми топ биологиялық препаратты ағызатын сегіз орынды белгілеген. Баржалар мен қайықтардан өзенге шамамен 34 тонна «Бактицид» құйылады. Бұл препарат адамдар, құстар мен балықтарға зиянды емес.

Асайын Байханов өңделетін аумақтарды толық қамту және улаудың тиімділігін арттыру үшін Ертіс өзенінің Белая, Подстёпка, Талинка, Тюлька, Қаратүн және басқа да салаларын өңдеуге ерекше назар аударуға тапсырма берді.

Фенологиялық бақылаулардан кейін, яғни 10 күннен соң, мамандар екінші кезеңді бастайды. Бұл кезде шыбын-шіркейлердің қанаттанған формасын өткізбеу үшін жағалауларда барьерлік өңдеу жүргізіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)