Павлодарлықтар Түркияда зардап шеккендерге алты тоннаға жуық көмек жинады
Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге жиналған гуманитарлық көмек Түркия елшілігіне жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында гуманитарлық көмекті жастар бастамаларын дамыту орталығы жинады.
- Алты тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды: ересектер мен балаларға арналған қысқы киім, көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, термостар, қол шамдары, қуат банктері, жеке күтім құралдары, – деп хабарлады акция ұйымдастырушылары.
Олар гуманитарлық көмек жинауға белсенді қатысқан облыстың барлық қамқор тұрғындарына алғыс білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram