Павлодарлық әскери кафедраның басшысы: Студенттерге алаңдауға негіз жоқ

Павлодарлық әскери кафедраның басшысы: Студенттерге алаңдауға негіз жоқ
Фото: Константин Шелков

Әскери билеттің тек форматы өзгерген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Торайғыров атындағы университеттің әскери кафедрасының бастығы Болат Токиннің айтуынша, студенттер уайымға салынбаса болады, яғни олардың   бұрынғыдай әскери кафедрада білім алғаны есепке алынады. 

– Әскери билеттің формасы ғана өзгерді. 2024 жылдан бастап міндетті әскери борышын өтемегендерге бұл құжат берілмейді. Әскери билет цифрлық форматта eGov.kz ақпараттық жүйесінде сақталады, – дейді Болат Токин. 

Осылайша, қажет болған жағдайда әскери кафедраның түлектері тиісті сертификатты халыққа қызмет көрсету орталығында немесе цифрлық сұраныс арқылы ала алады

Айта кету керек, 834 облыс азаматы ағымдағы жылғы көктемде әскери қызметке шақырылды. Шақырылғандардың көбі қарулы күштерде борышын өтемек.