Павлодар облысында жәрмеңке мен концерт өтеді
Арзан бағамен көкөністер, ет және сүт өнімдері сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтар күні қаламызда және өңіріміздің басқа да елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
– Осындай жәрмеңкелер Ертіс, Ақтоғай, Баянауыл аудандары мен Екібастұз қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен Екібастұз қаласында («халық» базарында), Ақсуда («Ауыл базары»)ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен, Павлодар, Ақсу қалалары сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Барлық түрдегі етті Тереңкөл, Аққулы, Успен аудандарының және қаламыздың тауар өндірушілері жеткізетін болады. Тауық жұмыртқасын «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді. Картоп пен көкөністерді Ақкөл, Тереңкөл аудандары мен Ақсу және Павлодар қалаларының тауар өндірушілері қамтамасыз етеді. Шикі сүт Шарбақты және Тереңкөл ауданынан фермерлер базарының ішіне жеткізіледі.
Ауылшаруашылық базарының бағасы (1 килограмына):
- сиыр еті – 1700-2100 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, шошқа еті – 1600-1800 теңге;
- шикі сүт – литріне 200 теңге;
- картоп, сәбіз, пияз – 90 теңге, қырыққабат – 110 теңге және тағы басқа өнімдер.
Келушілердің көңілін көтеру үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.