Павлодарда он мың спортшы ішінен үздік дзюдошылар анықталды

Павлодарда он мың спортшы  ішінен үздік дзюдошылар анықталды
Фото: Instagram @kaz_judoteam

«Баянтау» спорт сарайында 2010-2011 жылы туған ұл- қыздар арасында ел чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үш күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең үздік жасөспірім балуандар ел чемпионы атағын сарапқа салды. Қарағанды облысының әйелдер құрамасының аға бапкері Андрей Гуденок атап өткендей, Павлодарға жолдама алу үшін облыс бойынша 500-ге жуық спортшы татамиде бақ сынады, мұндай жағдай барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда болды.

Дзюдодан Қазақстанның тұңғыш Әлем чемпионы Максим Раковтың туған жерінен келген жаттықтырушының айтуынша, жапон күресі елімізде қарыштап дамып келеді.

- Мысалы, біздің жерді алайық. Максим Раков чемпион болған кезде ұлттық құрамада Ислам Бозбаев, Ержан Шынкеев, Жансай Смағұлов сынды балуандарымыз бар еді. Бірақ олардан кейін әдеттегідей аздап құлдырау байқалды, жастармен жұмыс істеуде олқылықтар болды, бірақ қазір «Жеңіс» клубының және облыстық федерацияның қолдауының арқасында біз қайтадан өрлеу үстіндеміз, - дейді Андрей Гуденок.

Теміртауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, көршілес елдерден де балуандар қатысатын жыл сайынғы «Огни Магнитки» турнирі өтуде. Қарағандылық дзюдо күшінің дәлелі ретінде Павлодар турнирінде Нонна Чиркова 36 келі салмақта алтын алды. Ол финалда Атырау облысынан келген Кәусар Нұрпейісті жеңді.

Алаң иелеріне келсек, өкінішке орай, павлодарлық команда бірде-бір медаль ұта алмады. Көбінесе жеңімпаз атанғандар Жетісу мен Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының жас дзюдошылары болды. Бұл өңірлер жалпы командалық есепте алғашқы үш орынды иеленді.