Павлодарлық жас таэквондист республикалық турнирде бақ сынайды

Павлодарлық жас таэквондист республикалық турнирде бақ сынайды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Облыстық турнир «SC MUSTAFA PAVLODAR» ҚБ ұйымдастыруымен «Меркурий» спорт клубында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі. 

2-сынып оқушысы Даниэль Құсайын WT таеквандодан 2015-2016 жылы туған қатысушылар арасында 32 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды.

Жас спортшы таеквандомен алты жасынан бастап «SC MUSTAFA  PAVLODAR» ҚБ Қазақстанның спорт шебері Ілияс Бекбермен айналысады. Ол – әртүрлі деңгейдегі турнирлердің бірнеше дүркін қатысушысы, сары-жасыл белбеудің иегері. Атап айтсақ, 2022 жылы турнирдің күміс жүлдегері, ал 2023 жылы облыстық ашық турнирлердің күміс және қола медальдерінің иегері атанды. 

Сонымен қатар, Даниэль мектепте үздік оқиды. «Ақбота», «Кенгуру» атты республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. 2023 жылы белсенді қатысушы ретінде «Жыл үздігі» грамотасымен, «Дарын» республикалық журналының төсбелгісімен және медалімен марапатталды. Бос уақытында көркем әдебиетті оқумен айналысады.

Айта кетейік, Даниэль алдағы уақытта облыстық команда құрамында Астанадағы республикалық турнирде Павлодардың намысын қорғайтын болады.