Павлодарлық депутаттар жетімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады
«Жаңажылдық серпантин» акциясы аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларға мерекелік сыйлықтар берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл бастаманы «AMANAT» партиясы ұйымдастырды.
– Акция аясында ерекше көңіл мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетімдерге бөлінді. Партия өкілдері арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталықтарына барып, сыйлықтар табыстап, кішкентай тәрбиеленушілермен тілдесуде, – деді партияның облыстық филиалында.
Облыстық филиалдың атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова мен облыстық мәслихат депутаты Байғабыл Майкотов қаладағы осындай орталықтардың біріне барды. Қонақтар балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыстап, мекеме басшылығымен пікір алмасты.
– Жаңажылдық мерекелер – бұл ерекше мұқтаж адамдарға қуаныш сыйлайтын уақыт. Біз әр отбасы мен әр баланың қамқорлық пен назарды сезінуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Біздің партиялық жобаларымыздың мақсаты да осыған бағытталған, – деп атап өтті Айнұр Мұхамедьярова.
Ертіс ауданында облыстық мәслихат депутаты, партиялық Қалауиден Ибрагимов көпбалалы отбасыларды құттықтап, барлық отбасыларға азық-түлік себеттері мен жаңажылдық сыйлықтар табыстады.
Партиялықтардың айтуынша, мұндай кездесулер облыстың барлық қала және аудандарында өтіп, жағымды дәстүрге айналды.
Фотосуреттер: «AMANAT» партиясының облыстық филиалы