«Ертіс орманы» резерватына өртті сөндіруге көмектесетін жаңа техника келді
Жеті трактор орманды қалпына келтіру және күтім жасау сияқты маңызды жұмыстарды орындауға пайдаланылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, автопарк жеті «Беларус» маркалы трактормен толықты.
Жаңа техникалар резерват аумағында өрттің алдын алу, өрт сөндіру, орманды қалпына келтіру және күтім жасау сияқты маңызды жұмыстарды орындауға пайдаланылатын болады.
– Табиғатты қорғау және сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Жаңа техникалар осы бағыттағы жұмысымызды тиімдірек атқаруға мүмкіндік береді,– деді резерватта.
Еске сала кетейік, биыл шілде айында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен резерваттың автопаркі 8 бірлік «LOVOL» маркалы тракторларымен толықты.