Тереңкөл ауданында биыл алғаш рет шыбын-шіркейді әуеден өңдеу жүргізілді

Тереңкөл ауданында биыл алғаш рет шыбын-шіркейді әуеден өңдеу жүргізілді
Фото: stop-klopu.com

Қансорғыштарға қарсы препараттар толық көлемде жеткізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, Тереңкөл ауданының қасындағы аэродорм орналақсан жерде әуеден өңдеу жүргізілуде. Биыл жоспар бойынша ауданда мұндай әдіс алғаш рет жүзеге асырылуда. 

- Жоспар бойынша  Восмерыжск ауылында ұшақпен екі рет шығу көзделіп отыр. Т-6 әуе өрісінде жұмыс жүргізіледі.  Облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ғылыми топтың сүйемелдеуімен биологиялық препарат 29 сәуірде араластырылған. Нәтижесі жақсы болады деген үміттеміз. Ауа райы жақсы. Ауа температурасы плюс 25 градусты көрсетіп тұр, - дейді басқармада.

Дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүруде.  Бұдан кейін жаяу өңдеу басталады, фенологиялық зерттеу күн сайын жүргізіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгерим Кабылтаева (@gnus.tabigat_pv)