Павлодарлық команда тау туризмі бойынша облыстық чемпионатта алтын алды

Павлодарлық команда тау туризмі бойынша облыстық чемпионатта алтын алды

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  тау туризмінен чемпионат өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ашық чемпионатқа Павлодар, Екібастұз, Абай және Қарағанды облыстарынан 150-ден астам спортшы қатысты. Аталған байқауда облыс намысын «Пирамида», «Вершина», «Искра» командалары қорғады. 

Жарыс жаңадан келген бастаушылардан кәсіпқойларға дейінгі үш жас санатында «Байламдар» және «Командалық» қашықтықтар бойынша өтті және А-ең қиын, Б және С класстарына бөлінді.

– Балалар қашықтықтағы үйлесімді жұмысты, өзара көмек көрсетудің ең жақсы қасиеттерін және түрлі жағдайларды жеңе білетіндерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда алтын алды. Сол үшін  тәрбиеленушілеріме үлкен алғыс айтқым келеді, – дейді  экология және туризм орталығының оқытушысы Ирина Ридзаускене.

Чемпионат қорытындысы бойынша Павлодар командасы жалпы есепте 102 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 47 бірінші орын, 34 екінші орын, 21 үшінші орын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасының грамоталарымен және медальдерімен марапатталды.