Павлодарлық жас туристер спорттық туризм кубогін жеңіп алды
Екібастұзда спорттық туризм бойынша ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, облыста бұқаралық спорттық туризмді дамыту, туризм бойынша спорттық шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасанды рельефте спорттық туризм бойынша «Қайнар» БЖК кубогына ашық біріншілік ұйымдастырылды. Оған Павлодар, Қарағанды және Екібастұз қалаларының 7-17 жас аралығындағы 100-ден астам жас турисі қатысты.Жарыста Павлодар қаласын балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль», «Искра» туристік клубтарының 25 тәрбиеленушісі және №41 ЖОМ-нің «Эдельвейс» командасы таныстырды. Жетекшілері – Сергей Кремер, Рустам Кенжин және Оксана Лаврентьева.
- Жалпы, нәтижеге ризамын. Оқушылардың шеберлігін одан әрі шыңдайтын боламыз, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуды жалғастырамыз, - деп өз жоспарларымен бөлісті Рустам Кенжин.
Жарыс «Жеке» және «Байламдар» қашықтықтары бойынша бес жас топтарда өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлықтар 27 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде бірінші орын – 6, екінші орын – 8, үшінші орын – 13. «Қайнар» БЖК кубогын Павлодардың «Искра» туристік клубы жеңіп алды.
2013 жылғы және одан кіші топтардың «Жеке» арақашықтығы бойынша І орынды Даниил Алехин, Яна Зайковская, 2011 – 2012 жылдар аралығында Аяулым Иманғазина, 2006 жылғы және одан жоғары топта «Искра» клубының тәрбиеленушісі Милана Кривошеева иеленді.
2013 жылғы және одан кіші топтағы «Байламдар» арақашықтығында І орынды «Искра» клубының тәрбиеленушілері Даниил Алехин, Яна Зайковская иеленді.