Шетелдіктердің Павлодар облысына көшіп келуі үшін өз елінің паспорты болу керек
ҚР ІІМ бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары ішкі құжаттары бойынша елімізге келуге, кетуге, транзитпен өтуге, көшуге және уақытша тұруға рұқсат етіледі.
– Шетелдіктер тұрақты тұруға өтініш берген күні өзінің шетелдік паспортын ұсынуы және оның жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрауы тиіс. Уақытша тұруға рұқсат алуы үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Павлодар облысына шетелден 800-ге жуық адам көшіп келген.