Наурыз мерекесінде Павлодарға қосымша пойыздар қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздар тағайындап, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мереке күндері Павлодарға қатынайтын қосымша қала маңы пойыздары:
• 20 және 21 наурызда №7510 «Астана – Павлодар» электр пойызы;
• 25 наурызда №7509 «Павлодар – Астана» электр пойызы.
Сонымен қатар 25 наурызда «Астана – Атбасар» және «Нұрлы Жол – Бурабай курорты» электр пойыздары да қатынайды.
Сондай-ақ 20, 22 және 24 наурызда «Қарағанды – Балқаш» пойызына қосымша екі вагон тіркеледі: бір купе және бір плацкарт.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке кезінде сапарға шығатын жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.