Баянауылда қысқы туризм маусымы басталады

Бірақ қысқы құрал-жабдықтар әлі берілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұзақ үзілістен кейін Баянауыл тау-шаңғы курорты 14-15 желтоқсан аралығында демалушыларды қабылдауға дайын болмақ.
– Шаңғы мен сноубордпен сырғанау үшін қар аз түскендіктен, 500 метрлік арқанжол ғана жұмыс істейді. Сондықтан жабдықтың өзі жалға берілмейді. Бірақ түскен қардың мөлшері ватрушка, шана және конькимен сырғанауға жеткілікті, – деді «Мырзашоқы-Каражар» ЖШС-ның өкілі Амангелді Мақаров.
Демалушылар арқанжолға көтеріліп, тауға қарайтын жайлы дәмханада ыстық шай мен тамақ ішіп, жылына алады. Былтыр ватрушканы жалға алу құны мың теңге болатын. Бірақ биыл барлық аттракциондардың бағасы әлі белгіленген жоқ.
Биылғы қыста жергілікті атқарушы органдар қыран құстар мен тазылар жарысын өткізбек.
Естеріңізге сала кетейік, Баянауыл ауданының әкімі қар мен мұздың жасанды жамылғысын жасайтын үш метрлік су құбыры арқылы қар тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Бірақ жоба әлі іске асырылу сатысында, нақты іске қосу мерзімі әзірге белгісіз.