Павлодарлық кәсіпкерлерді заманауи маркетингтік құралдарына үйретеді
Тәжірибелі бизнес кеңесшілер кәсіпті дамытудың тәсілдерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 24 сәуірде 9:30-дан 15:00-ге дейін «Saida Plaza» банкет залында консталтинг күні өтеді.
Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын орта бизнес иелері мен басшылары, дистрибьюторлық компаниялардың директорлары үшін сатуды өсірудің тиімді құралдары тақырыбындағы бизнес кездесу ұйымдастырады.
– Егер жарнамаларыңыз тиімді болмаса, заманауи маркетингтік құралдарды қолдана отырып, инновациялық компанияларды іске қосқан кезде клиенттеріңізді жоғалтсаңыз, сатылымыңыз тоқтап қалса және құнды қызметкерлерді тарту қиын болса, бұл шара сізге пайдалы болады,– деді басқармада.
Тәжірибелі бизнес кеңесшілер B2B және B2C секторларында қалай алға жылжу керектігін түсіндіріп, үздік сатушыларды қалай таңдау керектігін айтып, сату жоспары орындалуы үшін сауда тобымен байланыс орнатуға көмектеседі.
Сілтеме бойынша алдын ала тіркелу арқылы қатысу тегін: https://forms.microsoft.com/e/aMiZ2zvE4w
Қосымша ақпарат алу үшін Елена Әбенова 8 777 981 44 78, Жәния Карменова 8 705 795 93 20 телефондары арқылы хабарласуға болады.