Баянауылда өңірлік еріктілердің басқосуы өтті

Баянауылда өңірлік еріктілердің басқосуы өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Слетке облыстың әртүрлі аудан, қалаларынан келген 40 волонтер қатысты. Олардың ішінде студенттік еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері мен «күміс» жастағы волонтерлер бар.

– Іс-шара волонтерлердің белсенді демалысына, жаңа білім алуына, тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды, — деп пайымдады Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы еріктілер орталығының басшысы Айжан Қали. – Сонымен қатар көшбасшылық және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру көзделген.

Кездесу барысында жастар эмоцияларын басқара білу, волонтерлік шаралардың креативті форматы туралы, SMM-нің еріктілер жұмысына әсері тақырыптарындағы пайдалы жүздесулерге қатысқан еді.

– Пайдалы тренингтермен қатар қатысушыларға командалық квест-ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары және танымдық экскурсия өткізілді, — деді Айжан Қали.

Оның сөзінше, мұндай басқосулар еріктілердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жаңа жобаларды бірлесіп бастауына ықпал етеді. Сонымен қатар, слеттер волонтерлік қозғалыстың өңірде танымал болуына және жастардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

— Осындай нетворкинг арқылы салаға қызығатын жастардың саны көбейеді деп сенеміз, — деді орталық басшысы.

Айта кетейік, «AsarCamp» өңірлік волонтерлер слеті Баянауыл өңірінің «Аңыз Лэнд» демалыс базасында ұйымдастырылды.

Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті және Айжан Қали