Павлодар облысында комикстер байқауы өтеді

Павлодар облысында комикстер байқауы өтеді
Фото: pexels.com

Байқауға 15-35 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәліметінше, «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Сокпақбаевтың туындысы бойынша комикстер байқауы ұйымдастырылады. 

– Байқаудың мақсаты – облыстың жас суретшілері мен иллюстраторларының шығармашылық әлеуетін ашу, мәтіндік-визуалды форматтармен жұмыс жасауда жалпы білім деңгейін арттыру, көркемдік стильді қалыптастыруды көздейді, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бейнелеу өнері арқылы қазақ әдебиетін ілгерілету, ұйымдастырушылармен әлеуетті ынтымақтастық үшін талантты иллюстраторларды іздеуді көздейді.

Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады. Жұмыс қара-ақ немесе түрлі түсті дизайнда, кез-келген сурет салу техникасында, кез келген форматта жасалуы мүмкін. Жарамды кескін форматтары .jpg, .png, .pdf. Сондай-ақ, комикс А4 парақтарында көрсетілуі керек. Файл атауында қатысушының тегі болуы шарт.

Комикстер бірнеше параметрлер бойынша 10 балдық шкала арқылы бағаланады. Жұмысты тәуелсіз сарапшылар тобы бағалайтын болады. Байқауға материалдар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 1 қазанына дейін қабылданады. 

Толық ақпаратты +7(700)686-31-99 нөмірі арқылы немесе облыстық кітапхананың ресми сайтында білуге болады.