Павлодарда «Нұр» би ансамблінің жеке концерті өтеді

Павлодарда «Нұр» би ансамблінің жеке  концерті өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет саласының үздігі Айгүл Дайырбаева, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2023 жылдың 15 қарашасында сағат 19.00-де  Иса Байзақов атындағы  Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында «Нұр» би ансамблінің жеке  концерті өтеді. 

Кешті облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы ұйымдастырады. 

«Нұр» би ансамблі хореографиялық өнерді сүйетін көрерменге тамаша әсем кеш сыйлайды. Көрермен назарына қазақстандық және шетелдік авторлардың музыкасына қойылған көптеген қызықты премьералық қойылымдар ұсынылады.

Сондай-ақ, Павлодар оқушылары өткен ғасырда Қазақстанда хореографиялық өнердің қалай дамығаны және қазіргі жағдайда қандай жетістіктерге жеткені туралы көптеген қызықты мәліметтер алады.

Айта кетерлігі, ансамбльдің әртістері Өтеген Шарапи, Аян Әби, Даниил Колесников жақында Астана қаласынан оралды. Өнерпаздар Қазақ КСР Халық әртісі, кәсіби хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі – ерлер биінің жеке орындаушылары арасындағы Дәурен Әбиров атындағы І республикалық байқауына қатысып, жоғары шеберлікпен өнер көрсетті.