Павлодарлық палуан қыздар халықаралық турнирде үздік атанды

Павлодарлық палуан қыздар халықаралық турнирде үздік атанды
Фото: Константин Шелков

Турнир Румыния елінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Румыния елінің Бухарест қаласында U17 санатында «Constantin Alexandru & Ioan W.Popovici» атты әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. 

Жарыс қорытындысы бойынша, павлодарлық Жасмина Бакоева мен Анель Бүркітбаева үздік атанып, екі алтын жеңіп алды. 

Айта кету керек, екі палуанның да  жаттықтырушы  - Д.Ж.Кенжеғалиев.