Павлодарлық палуандар еркін күрестен Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды
Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының еркін күрес чемпионатында өңір спортшылары аймақ намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 37 спортшының ішінде Рифат Сайботалов үздік нәтиже көрсетіп, 5-орынды иеленді. 74 келі салмақта белдескен 32 палуанның арасында Ернұр Нұрғазы тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал 97 келі салмақ дәрежесінде 20 спортшы қатысқан тартысты бәсекеде Әбдіманап Байкенжеев қарсыластарын қапы қалдырып, күміс медаль жеңіп алды.