Павлодарлықтар қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионаттан «алтын» әкелді
Жарыс Атырауда өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жайық» спорт кешенінде 14-15, 16-17 және 18-23 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті.
Чемпионат 350-ден астам қатысушыны біріктірді. Облыс намысын 12 спортшы қорғады.
Жерлестеріміз 12 бірінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар тізімінде: Илона Козина, Кристина Гордиенко, Бағдат Ашраф, Артем Яцков, Кирилл Матвеенко, Әнел Кенжикова, Мария Жукова, Элина Конради, Владимир Демьянов, Кирилл Бойко, Игорь Гордеев және Арслан Ермұратов бар.