Павлодарлық параолимпиадашылар боччадан бақ сынасты

Павлодарлық параолимпиадашылар боччадан бақ сынасты
Фото: Татьяна Сартакова

Облыстық ашық турнир «Автомобилист» спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бастамашылар мен ұйымдастырушылардың бірі – «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры.

Облыстық бочча федерациясының вице-президенті Ольга Алияскарованың айтуынша, бұл – республика чемпионатына іріктеу турнирі.  Барлығы он бес қатысушы бақ сынады, басым бөлігі – облыс орталығынан және Ақсу қаласының спортшылары да бар.

– Бұл екі қалада бочча жақсы дамыған, бірақ менің ойымша, мүмкіндігі шектеулі адамдар бұл спорт түрі, боччистердің мүмкіндіктері мен болашағы туралы жеткілікті түрде хабардар емес, – дейді Ольга Алияскарова. – Өйткені, бұл доп ойыны – жай ғана қызықты емес, сонымен бірге пайдалы ойын-сауық. 

Бочча көптеген спорт түрлері сияқты физикалық және интеллектуалды дамуға, басқа қатысушылармен қарым-қатынасқа ықпал етеді, өмірде пайдалы дағдыларды дамытады, ойыншылардың көңіл-күйі мен өзін-өзі тануына оң әсер етеді.

Ең бастысы церебральды сал ауруы бар адамдарға қолжетімді бірнеше спорт түрлерінің бірі.

Айта кетейік, павлодарлықтар бірнеше рет түрлі жарыстардың, соның ішінде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.