Павлодарлық шаңғышылар қысқы Спартакиадада жүлделі орынға ие болды

Щучинск қаласында VI қысқы Спартакиада өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жарыс төрт жылда бір рет өтеді. Шаңғыдан үздіктерді анықтауға Астана, Алматы қалалары мен 10 облыстан 156 спортшы жиналды.
Шаңғышылар 25 наурызға дейін 5 сайыс түрінде жүлдеге талас жүргізеді.
Павлодар қаласының жоғары спорттық шеберлік мектебінің мәлімдеуінше, командалық спринтте әйелдер арасында 1,2 шақырым бойынша Дарья Рожко мен Елизавета Толмачева үшінші орынды иеленді.