Павлодарда оқушылар экологпен бірге емен жаңғақтарын отырғызды
Экологиялық бағыттағы № 36 мектепте «Жерге бақ сыйла» экологиялық жобасы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталған білім ордасы мен эколог Юрий Гашек төрағалық ететін «Жерге бақ сыйла» ҚҚ бес жыл ішінде екіжақты қатынастарды дамыту, бірлескен жобалар мен бастамаларды, экология мәселелері жөніндегі идеяларды іске асыру туралы меморандумға сәйкес жұмыс істеп келеді. Құжат аясында мектептің жас экологтары қаланың көгалдандыру, Усолка жағалауын қоқыстардан тазарту жөніндегі іс-шараларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға, экологиялық мәдениет пен тәрбиені арттыру мәселелері жөніндегі акцияларға қатысады, оқушылар өздері тігетін экошопперлер таратылады.
Юрий Гашек 1-11-сыныптардың 1600-ден астам оқушысы, 70 педагог топырақ салынған бір реттік стақанға өскен емен жаңғақтарын отырғызу бойынша экологиялық сабаққа қатысты. Оқушылар стақандағы өскіндерді үйде қазан айына дейін өсіреді.
– Өскін өсіру мұқият болуды және күтім технологиясының барлық талаптарын дәл орындауды талап етеді. Емен жаңғағынан емен өсіру – шыдамды және ынталы экологтарға арналған әрекет. Нәтижесінде қатысушылардың үйлерінің ауласында, саяжай телімінде, мектеп аумағында кішкентай нәзік өскіндерден емен ағаштары пайда болады, – дейді дейді мектеп басшысы Рифкат Мұратов.
Сабақта Юрий Гашек оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, қайталама материалдарды қайта өңдеу және пайдалану бойынша одан әрі бірлескен жұмыс туралы айтып берді.
– Біздің мектеп – балалар қоршаған әлемді білуге, экологияны қорғау бойынша жұмыс жүргізуге, шығармашылық қызметті дамытуға қызығушылық танытатын мектептердің бірі. Басқа ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу одан әрі экологиялық дамудың жаңа жолдарын іздеуге ықпал етеді. Ал бұл – үлкен еңбек. Бұл ынтымақтастық Ертіс өңірінің жаңа қызықты жобаларына қатысуға көмектеседі деп үміттенеміз, – дейді Рифкат Мұратов.
Қазіргі заманғы экологиялық білім оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарау, су ресурстарын сақтау, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, болашақта экологиялық мамандықты таңдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта мектеп оқушылардың шығармашылық жұмысын дамытудың жаңа түрлерін іздейді.